Abstract:
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында саудалық қызметті ұйымдастырудың басты мақсаты – тұтынушыларға қызмет көрсету формалары мен әдістерін жетілдіру және қызмет көрсету мәдениетін көтеру. Мақалада тамақтану және қызмет көрсету индустриясының кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары ұсынылған. Сонымен қатар, болашақтың технологиясы – молекулярлы кулинарияның элементтерін қолдану аумағы сипатталған. Молекулярлы асхана тағам дайындау кезінде жүретін физико-химиялық үрдістерді зерттеумен айналысатын трофологияның бір бөлімі.