Abstract:
Ғылыми мақала мазмұнында қазіргі студент жастардың бәсекелестікке қабілетін дамытатын қарым-қатынас мәдениеті мәселелері қарастырылған. Студент жастардың қарым-қатынас мәселесі – қазіргі қоғамдағы өзекті зерттеу нысандарының бірі. Ұлттық қарым-қатынас мәдениетінің даму және қалыптасу тенденциясы, оны ұлттық рухани дәстүрлер негізінде қалыптастыру жастар тәрбиесіндегі басты қағида.