Abstract:
Сүзбе өнімі ақуызға бай болғандықтан күнделікті тұтынуға қажетті функциональды өнім болып табылады. Бірақ өнімді өндіру барысында шикізатты көп қажет етеді және қарапайым технология бойынша өнім шығымы төмен өнімдердің бірі. Қазіргі кезде Кедендік Одақ аясында Қазақстанда сүзбеге қажетті сүтті алу тиімділігі төмен. Сол себепті арнайы сүт негізінде алынған сүтті-ақуызды қоспалар қосу арқылы, өнім шығымын арттыру жолдары қарастырылды