Abstract:
Мақалада емдік тамақтануда кеңінен қолданылатын күріш пен қарақұмық жармаларының қасиеттері, органолептикалық, физико-химиялық көрсеткіштері және емдік тамақтануда қолданылуына негіздеме көрсетілген. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінің жанындағы ғылыми зерттеу институтында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, жармаларда зиянкестермен закымдану байқалмады, органолептикалық көрсеткіштер стандарт талаптарына сай келді. Уытты элементтерден қорғасын мөлшері күріште 0,0142 Мг/кг, қарақұмықта 0,0028 Мг/кг болды, ал кадмий мөлшері күріште 0,0078 Мг/кг, қарақұмықта 0,0042 Мг/кг-ды құрады. Радионуклидтерден цезий-137 күріште 7,3 Бк/кг болса, қарақұмықта бұл көрсеткіш нөлге тең болды, ал стронций-90 күріште 157 Бк/кг, қарақұмықта 236 Бк/кг-ды құрады. Нәтижелер бойынша барлық элементтер стандарт талаптарына сәйкес келді, тек стронций мөлшерінің нормадан артық екендігі байқалды.
Description:
Қазжанова, М. Ж.
Емдік тамақтануда пайдаланылатын күріш пен қарақұмықтың сапа көрсеткіштері / М. Ж. Қазжанова, А. Ж. Оразов, науч. рук. - Текст : непосредственный // Ғылымға жол-2023: білім алушыларға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. мат. жинағы (12 суәір 2023 ж.). = Путь в науку-2023: сб. мат. междунар. науч.-практ. конф. обучающихся (12 апреля 2023 г.). = THE PATH TO SCIENCE – 2023: collected papers of the International Scientific-Practical Conference of students (12th of April, 2023). - Орал: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ. - 2023. - Т. І. - Б. 278-283 (Орал)