Abstract:
Бұл мақалада жоғары сұрып бидай ұны, қатты бидай және тритикале ұндары қоспасынан үгітілмелі печенье дайындау технологиясы сипатталған. Дайын өнімнің органолептикалық және физико-химиялық сапалық көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу нәтижесінде органолептикалық және физико- химиялық ең жақсы көрсеткіштерге 75% жоғарғы сұрып бидай және 25% тритикале ұндары қолданылған печенье үлгісі ие болды. Аталған үлгі ылғалдылығы - 6,9%, сілтілігі - 0,5 град, су сіңімділігі - 154%, яғни құрамындағы кoмпoненттердің су ұстау қабілеттілігінің жoғарылығымен және сапалылығымен ерекшеленді.