Abstract:
ТЖСҚЕҚ-да өсірілген бекіретұқымдас балықтардың өнімдерінің ішіндегі тағамдық құндылығы және экономикалық жағынан уылдырығы бірінші орында тұрады. Бірақ балықты өлтірмей, тірі күйінде алынған уылдырықтың келесідей жетіспеушіліктері болады – уылдырықтардың жоғарғы қабаты суға түскеннен кейін жабысқақ қасиетке ие болады. Сондықтан бекіретұқымдас балықтардан тірі күйінде алынған уылдырықтарды өңдеудің технологиясын жетілдіру өзекті болып табылады