Abstract:
Мақалада тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында өсірілетін бекіретұқымдастарының морфометриялық және балық шаруашылық биологиялық көрсеткіштері келтірілген. Реттелген жүйеде балықтардың қарқынды өсуі мен дамуы үшін қолданылатын технологияларды пайдалану тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында бекіретұқымдастарын өсіруде өндіріс үрдісін толық қамтамасыз етеді. тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында жүйесіне су бассейндері, судағы қалдықтарын жинайтын сыйымдылық, аэрация жүйесі, оттегі концентраторы, механикалық және биологиялық тазалау сүзгілері, гидросорғы жатады.