Abstract:
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің Ақпараттық білім беру орталығында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көрсетілген "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында жарық көрген алғашқы қазақ тіліне аударылған 17 кітаптың таныстырылымы өтті.