Abstract:
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де Тілдер мерекесі қарсаңында ауқымды іс-шаралар жүргізу дәстүрге айналған. Биылғы жыл Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай "Мәңгілік елдің - Мәңгілік тілі!" тақырыбында Тілдер апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Апталықты өткізуге университеттің ғылыми кітапханасының қызметкерлері мен шет тілдері кафедрасының оқытушылары атсалысты.