Abstract:
Мақалада созылмалы бронхопневмониямен ауыратын қозыларды емдеу кезінде әр түрлі зерттеу нәтижелерінің сызбасы көрсетілген. Ақжайық етті-жүнді тұқымды қой өсіретін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың асыл тұқымды шаруашылығы жағдайында созылмалы бронхопневмониямен ауыратын қозыларға бициллин-3 бұлшық етке сульфадимезинпен кешенді түрде ішке енгізу барысында емдеудің тиімділігі көрсетілген.