Abstract:
Мақалада «Бурабай» МҰТП аумағындағы қарағай алқа ағаштары үшін әр түрлі орман өсу жағдайларындағы қарағай ағаштарының ассимиляциялық аппаратының биометриялық көрсеткіштеріне, атап айтқанда, қылқандары мен өркендеріне рекреациялық жүктемелердің әсерін зерттеудің нәтижелері берілген. Сүрекдіңдер мен жеке ағаштарда болатын өзгерістерді нақты дәлдікпен жедел түрде бақылауға мүмкіндік беретін, қылқанның ұзындығы, өркеннің өсімі және бір жұп қылқанның салмағы тәрізді көрсеткіштер анықталды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде «Бурабай» МҰТП-дағы рекреациялық мақсаттарда пайдаланылатын қарағай алқа ағаштарындағы қарағай ағаштарының ассмиляциялық аппаратының биометриялық көрсеткіштері бойынша бағаланатын кесте дайындалды.