Abstract:
Батыс Қазақстан облысы жағдайында күздік бидайдың Иван, Солнышко, Левобережная, Саратовская 90, Созвездие, Калач, Джангаль, Карабалыкская 101 сорттары шаруашылықтық-биологиялық белгілері бойынша аудандастырылған Лютесценс 72 және Жемчужина Поволжья сорттарымен салыстырмалы зерттелді. Зерттеу ауыл шаруашылық дақылдары сорттарына қойылатын талаптардың барлық тараптарын қамтыды. Бұндай қорытындыны өнімді түптену мен ору алдындағы 1 м2 жердегі өсімдік саны, масақтағы дән саны, 1000 дәннің салмағы бойынша түсіндіруге болады. Тәжірибеде сыналған сорттар жоғары өнімділік көрсетті.