Abstract:
Мақалада Атырау облысының кейбір аудандарындағы ірі және ұсақ мүйізді
малдарының бруцеллезі бойынша эпизоотиялық жағдай келтірілген. Атырау облысы бойынша
ауылшаруашылық малдарының бруцеллезінің індеттанулық ерекшеліктері және індет
таралуының негізгі қауіпті факторлары келтірілген.
Аурудың кең таралуына жергілікті тұрғындардың ветеринариялық-санитариялық
ережені бұзуы, уақытылы алдын-алу шаралардын жүргізілмеуі қауіпті факторлар болып
саналады.