Abstract:
Мақалада терінің экзематозды зақымдануына ұшыраған мысықтарды емдеу кезіндегі кейбір клиникалық көрсеткіштерінің нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижелері бойынша жіті экзема кезінде дене температурасының жоғарылауы және пульстің күшеюі байқалды. Несепті зерттеу кезінде ешқандай ауытқулар анықталмады. Димефосфон мен натрий гипохлоритін үйлестіре қолдану мысықтардың экземасын емдеу кезінде жануарлардың клиникалық статусына өзгеріс тудырмайды.