Abstract:
Қазіргі уақытта мал шаруашылығына орасан зор экономикалық зиян келтіретін әртүрлі
жұқпалы аурулардың ішінде ірі қара мал хламидиозы маңызды орын алады. Тек қана
жануарлардың ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндіреді. Осы
орайда ірі қара малдың бактериялық инфекцияларға төзімділігін генетикалық маркерлеу өте
маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Зерттелетін Жануарлар топтарында генотиптер
анықталды. Голштинн тұқымының сау жануарлар тобында генотиптердің TLR9 және MBL1
полиморфты гендеріне таралуы Харди-Вайнберг заңы бойынша теориялық күтілгенге сәйкес
келетіні анықталды. Хламидиозбен ауыратын жануарлар тобында байқалған генотип
жиіліктерінің теориялық тұрғыдан күтілетін Харди-Вайнберг заңынан статистикалық маңызды
ауытқуы бар екендігі анықталды. TLR9-BfaI полиморфизмі бойынша TLR9-BfaIAG
гетерозиготалары мен LTF-EcoRI полиморфизмі бойынша LTF-EcoRIAB гетерозиготалары
санының артуы байқалады. Бұл хламидиозға төзімділіктің төмендеуімен TLR9-BfaIAG және
LTF-EcoRIAB генотиптерінің ассоциациясын ұсынады. Хламидиозға төзімділіктің
жоғарылауының генетикалық маркері TLR9-BfaIАА және MBL1-HaeIIICC генотиптерін шығарды. Хламидиоз ауруының жоғары қаупінің генетикалық маркері TLR9-BfaIAG және MBL1-HaeIIIТТ
генотиптерін шығарды. Хламидиозға төзімділіктің генетикалық маркерлері TLR9-BfaIGG-MBL1-
HaeIIITC және TLR9-BfaIGG-LTF-EcoRIAA генотиптерінің жұптасқан комбинациясы болып
табылады. Хламидиоз ауруының жоғары генетикалық қаупін белгілеу жүйесіне келесі
маркерлер кіреді: TLR-9-BfaIG, MBL1-HaeIIIT аллельдері, TLR-9-BfaIAG генотипі, LTF-EcoRIA
аллелі, LTF-EcoRIAB-MBL1-HaeIIICC біріктірілген генотипі. Туа біткен хламидиозға төзімділікті
белгілеу жүйесіне TLR9-BfaIGG-LTF-EcoRIAA және TLR9-BfaIGG-MBL1-HaeIIITC біріктірілген
генотиптері сияқты генетикалық маркерлер кіреді.
Description:
TLR-9, MBL1 және LTF гендерінің хламидиоз ауруына біріктірілген фенотиптік әсері / И. С. Бейшова, Б. Е. Нургалиев, А. Ж. Жолдасбекова, Е. В. Белая, Т. В. Ульянов, В. А. Ульянов. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2023. - № 3-1 (72). І Бөлім. - Б. 61-77 (Орал). - ISSN 2305-9397.