DSpace Repository

ТОПАЛАҢНЫҢ ПРЕЦИПИТАЦИЯЛАУШЫ ҚАН САРЫСУЫН ЖЕТІЛДІРУ

Show simple item record

dc.contributor.author Айтжанов, Б. Д.
dc.contributor.author Бижанов, А. Б.
dc.contributor.author Намет, А. М.
dc.contributor.author Сущих, В. Ю.
dc.date.accessioned 2025-08-06T05:48:13Z
dc.date.available 2025-08-06T05:48:13Z
dc.date.issued 2024-09-05
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/3865
dc.description Айтжанов, Б. Д. Топалаңның преципитациялаушы қан сарысуын жетілдіру / Б. Д. Айтжанов, А. Б. Бижанов, А. М. Намет, В. Ю. Сущих [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Б. І. - Б. 248-256. ru
dc.description.abstract Соңғы онжылдықтарда әлемдік ғылым қауіпті және аса қауіпті індеттердің алдын алу, балау және емдеу құралдарын әзірлеу мен енгізуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Осыған қарамастан, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстандада эпизоотиялық және эпидемиялық сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты ахуалдардың күтпеген жерден туындау қаупі сақталуда және бұл әрбір мемлекет үшін бірінші кезектегі ветеринариялық, медициналық және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірі болып отыр [1 , 2, 3, 4]. Қазақстан аумағы топалаңнан сау емес деп саналады. Қазіргі уақытта бұл аурудың эпизоотиялық және эпидемиялық таралуы кең емес, бірақ топалаңның өршу қауіптілігі жоғары. Бұл жағдайдың бірден бір себебі – топырақта топалаң ошақтарының болуы. Елімізде жануарлар мен адамдар арасында топалаң жұқтырғандардың тұрақты төмендеуіне қарамастан, жыл сайын дерлік Республиканың әртүрлі аймақтарында бұл індеттің спорадиялық жағдайлары байқалып қалады [5]. Атап айтқанда, Республика аумағында 2015 жылы 1772 топалаңның санитариялық қолайсыз пункті, 2426 індеттік және эпидемиялық ошақтардың тіркелгендігі анықталды [6, 7]. Статистикаға сүйенсек, 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстанда жыл сайын дерлік топалаң жұқтыру жағдайы тіркелген. Мәселен, 2012, 2014, 2015 жылдары бір-біржағдайдан, 2018 және 2019 жылдары 2 жағдайдан, 2022 жылы 4 ауру жағдайы тіркелді. Соңғы жылдары топалаң індеті республикамыздың 5 облысында тіркелді, атап айтқанда Қостанай, Түркістан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында. Жалпы, 2012-2022 жылдар аралығында топалаңның қолайсыз ошақтары еліміздің 10 облысында тіркелді, бұл көрсеткіш еліміз бойынша 71,4 пайызды құрайды (облыстарды бөлу кезеңіне дейінгі деректер бойынша) [8,9,10,11]. Жоғарыда келтірілгендер аталған мәселенің өзекті екендігін, сол себепті бұл індетпен күресуде өте жылдам және телімді диагностикалық препараттарды жетілдірудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеудің техникалық-экономикалық маңыздылығы ауыл шаруашылығы жануарларының топалаңын жедел балау үшін аталған препаратты қолдану тиімділігінен және балау үшін кететін уақыт едәуір қысқаратындығынан тұрады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ru
dc.subject топалаң ru
dc.subject топалаңның қан сарысуы ru
dc.subject преципитация реакциясы ru
dc.subject стандартты топалаң антигені ru
dc.subject бқату ru
dc.subject қр ru
dc.title ТОПАЛАҢНЫҢ ПРЕЦИПИТАЦИЯЛАУШЫ ҚАН САРЫСУЫН ЖЕТІЛДІРУ ru
dc.title.alternative IMPROVEMENT OF THE ANTHRAX PRECIPITATING BLOOD SERUM ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account