DSpace Repository

ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БҰЗАУЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ

Show simple item record

dc.contributor.author Әбирбекқызы, Ж.
dc.contributor.author Заманбеков, Н. А.
dc.contributor.author Туржигитова, Ш. Б.
dc.contributor.author Кобдикова, Н. К.
dc.date.accessioned 2025-07-30T10:13:06Z
dc.date.available 2025-07-30T10:13:06Z
dc.date.issued 2024-09-05
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/3854
dc.description Әбирбекқызы, Ж. Дәрілік өсімдіктерден дайындалған тұнбалардың диспепсияға шалдыққан бұзаулардың морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне әсері / Ж. Әбирбекқызы, Н. А. Заманбеков, Ш. Б. Туржигитова, Н. К. Кобдикова [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-1 (75). Б. І. - Б. 140-150. ru
dc.description.abstract Жаңа туылған бұзаулардың ас қорыту жүйесінің аурулары арасында ең көп таралғаны диспепсия ауруы болып табылады. Олар мал шаруашылықтарында кең таралған және жаңа туылған бұзаулардың өліміне, олардың дамуының кешеуілдеуіне, дене салмағының өсуінің баяулауына және емдеу-алдын алу шараларына байланысты үлкен экономикалық шығын келтіреді. Сондықтан антибиотиктерге балама препараттарды қолдана отырып, жас бұзаулардың асқазан-ішек ауруларының алдын алу мен емдеудің жаңа схемаларын әзірлеу және жетілдіру ветеринария ғылымы мен практикасы үшін өте маңызды болып табылады. Осы тұрғыдан уыттылығы төмен, биожетімділігі жоғары, кең спектрлі әсер ететін және емдік әсердің поливаленттілігі жоғары болатын фитопрепараттарды пайдалану қазіргі таңда перспективалы бағыттың бірі болып есептеледі. Мақалада емдік қасиеті жоғары болатын өсімдіктер алынып, олардан зертхана жағдайында белгілі арақатынаста дәрілік тұнбалар дайындалды. Сынақ тобындағы бұзаулар 4 топқа бөлініп, өсімдіктерден дайындалған тұнбалар қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне жеке-дара және кешенді түрде зерттелінді. Алынған зерттеу деректері дәрілік өсімдіктер тұнбаларының қанның морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерге айтарлықтай қуаттандырып әсер ететіндігі анықталды. Қолданылған тұнбалардың әсерінен диспепсиямен ауырған бұзаулар қанының морфологиялық көрсеткіштерінің динамикасында оң өзгерістер туындайтындығы белгілі болды. Неғұрлым жоғары көрсеткіштер тұнбаларды кешенді түрде қолданылған тәжірибе тобында тіркелді. Зерттеу жүргізудің 5, 10, 15-тәуліктерінде фондық көрсеткішпен салыстырғанда эритроциттердің концентрациясы орташа есеппен 15-21%, лейкоциттер - 8-16%, гемоглобин - 17-25%, кальций - 7-16%, бейорганикалық фосфор - 5-9%-ға дейін жоғарылағандығы анықталды. Көрсеткіштер салыстырмалы бақылау тобынан да айтарлықтай жоғары болатындығы дәлелденді ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ru
dc.subject диспепсия ru
dc.subject дәрілік өсімдік ru
dc.subject фитопрепарат ru
dc.subject тұнба ru
dc.subject бұзау ru
dc.subject морфологиялық көрсеткіш ru
dc.subject биохимиялық көрсеткіш ru
dc.subject бқату ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.title ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ТҰНБАЛАРДЫҢ ДИСПЕПСИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БҰЗАУЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІ ru
dc.title.alternative THE EFFECT OF INFUSIONS MADE FROM MEDICINAL PLANTS ON THE MORPHOLOGICAL AND BIOCHEMICAL PARAMETERS OF CALVES WITH DYSPEPSIA ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account