Abstract:
Клиникаға дейінгі зерттеулер шеңберінде ауыл шаруашылық жануарларының инвазиялық
ауруларын емдеу және алдын алу үшін әзірленген дәрілік-жемшөп қоспасының (ДЖҚа)
эмбриотоксикалық және тератогендік қасиеттері зерттелді. Дәрілік-жемшөп қоспасын (ДЖҚа)
құрастыру үшін фитобиотик пен бензимидазол тобының препараты алынды (альбендазол -
Қытай өндірісі, PHYTOBIOTICS компаниясы өндірісі, Германия). Альбендазол препараты және
«Сангровит Экстра» фитобиотигі қосылған дәрілік-жемшөп қоспасының – ДЖҚа–
оңтайландырылған партиясы зертханалық жағдайда "Ветеринариялық медицина" кафедрасында
дайындалды. Экспериментте тәжірибелік және бақылау топтарына бөлінген 24 аналық ақ
егеуқұйрық (m=180-200 г) қолданылды. ДЖҚа тәулігіне 8-12 г/әр басқа еркін 15 күн бойы
азықтандырылды. Жануарлардың екі тобы – бақылау және тәжірибелік – құрылды, олардың
әрқайсысы төрт торға отырғызылған 6 аналықтан тұрды. Кешке аналықтар аталықтарға
отырғызылды, буаздықтың бірінші күні қынаптық жағындыларда сперматозоидтар анықталған
күн деп саналды. Дәрі-жем қоспасының буаздықтың жиырмасыншы күніндегі
эмбриотоксикалық әсерін анықтау үшін әр топтағы аналықтардың жартысы эвтанизацияланды,
эмбриондар мен плацента бағаланды; егеуқұйрықтардың екінші жартысы тератогендік әсерді
бағалау үшін табиғи тууға дейін қалдырылды. Зерттелінген дозада дәрілік-жемшөп қоспасының
эмбриотоксикалық және тератогендік әсері жоқ екендігі анықталды.
Description:
Жанабаев, А. А.
Дәрілік-жемшөп қоспасының тератогендігі мен эмбриоуыттылығын зертханалық жануарларда анықтау / А. А. Жанабаев, Д. М. Сеиткамзина, А. Е. Усенбаев, Л. А. Лидер [и др.]. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-1 (77). - Б. 114-122 (Орал).