DSpace Repository

БҰҚАЛАРДЫ TNP2 ЖӘНЕ SPEF2 ГЕН ЛОКУСТАРЫ БОЙЫНША ГЕНОТИПТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОСЫ ГЕН АЛЛЕЛДЕРІНІҢ БҰҚАНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІ

Show simple item record

dc.contributor.author Шорманова, М. М.
dc.contributor.author Койбагаров, К. У.
dc.contributor.author Тургумбеков, А. А.
dc.contributor.author Усенбеков, Е. С.
dc.date.accessioned 2025-06-03T06:27:25Z
dc.date.available 2025-06-03T06:27:25Z
dc.date.issued 2024-01-10
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/3634
dc.description Шорманова, М. М. Бұқаларды tnp2 және spef2 ген локустары бойынша генотиптеу нәтижелері және осы ген аллелдерінің бұқаның репродуктивтік қызметіне әсері / М. М. Шорманова, К. У. Койбагаров, А. А. Тургумбеков, Е. С. Усенбеков. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 4-1 (77). - Б. 14-26 (Орал). ru
dc.description.abstract Мақала авторлары TNP2, SPEF2 ген локустары бойынша бұқаларға генотиптеу жұмыстарын полимераздық тізбек реакция және рестиктелген фрагменттер ұзындықтарының полиморфизмі әдістерін қолдана отырып жүргізген. Барлығы 66 ДНҚ үлгісі TNP2 генінің локусы (g.269 G→A, g.1536 C→T SNP полиморфизмдері) бойынша генотиптелген және 161 ДНҚ үлгісі SPEF2 генінің локусы бойынша анықталған. Зерттеу нәтижелері зерттелген бұқаларда TNP2 генінің локусында (g.269 G→A) генетикалық полиморфизмнің жоқтығын анықтады, ал TNP2 генінің (g.1536 C→T SNP) полиморфизмі генетикалық полиморфизмін бар екені анықталған, оларда TNP2 г.1536 C→T SNP полиморфизмі бойынша CC, CT, TT генетикалық нұсқалары анықталды. «Асыл Түлік» АҚ қарасты бұқалардың репродуктивті қызметіне 2018-2022 жылдар аралығына талдау жасалды және репродуктивті қызметі жоғары аталық бұқалар анықталды. Бұқалардың жыныстық функциясының келесі параметрлері бағаланды: алынған эякулят көлемі, сперматозоидтардың белсенділігі, сперматозоидтардың концентрациясы, алынған сперма-тозоидтар дозаларының саны. Эякуляттың орташа көлемі гетерозиотикалық TG генотипі (SPEF2 гендік локус) бұқаларда болды және ол 4,95 мл болды, алынған сперматозоидтар дозасының саны бір аталық бұқаға есептегенде 307,8 құрады. Дегенмен, көрсетілген генотипі бар аталықтардың сперматозоидтар белсенділігі мен эякулятағы сперматозоидтар концентрациясының көрсеткіштері төмен болды. Осы көрсеткіш бойынша GG, TT гомозиготалы генотиптері бар аталықтардың сандық мәндері жоғары болды (сперматозоидтар белсенділігі тиісінше 6,99 және 6,63), сперматозоидтар концентрациясы (1,0 және 0,96 млрд/мл). Осылайша, SPEF2 генінің кодтау бөлігінде орналасқан SNP полиморфизмін бұқалардың репродуктивті функциясының ДНҚ маркерлері ретінде қарастыруға болады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ru
dc.subject бұқаның репродуктивтік қызметі ru
dc.subject TNP2 ru
dc.subject SPEF2 гендері ru
dc.subject голштин тұқымдас ru
dc.subject қазақтың ақ бас тұқымдас ru
dc.subject ДНҚ маркерлері ru
dc.subject ПТР-РФҰП ru
dc.subject Primer 3 бағдарламасы ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.subject БҚАТУ ru
dc.title БҰҚАЛАРДЫ TNP2 ЖӘНЕ SPEF2 ГЕН ЛОКУСТАРЫ БОЙЫНША ГЕНОТИПТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОСЫ ГЕН АЛЛЕЛДЕРІНІҢ БҰҚАНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІК ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІ ru
dc.title.alternative RESULTS OF GENOTYPING OF BULLS THE TNP2 AND SPEF2 GENE LOCISES AND THE INFLUENCE OF THESE GENE ALLELES ON THE REPRODUCTIVE PERFORMANCE OF BULLS ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account