DSpace Repository

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЛАРЫНДА САТЫЛАТЫН ҚОЙ СҮТІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ

Show simple item record

dc.contributor.author Тлеулесов, Р. Б.
dc.contributor.author Асауова, Ж. С.
dc.contributor.author Бакишев, Т. Г.
dc.contributor.author Турсункулов, С. А.
dc.date.accessioned 2025-05-30T04:36:05Z
dc.date.available 2025-05-30T04:36:05Z
dc.date.issued 2024-01-10
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/3630
dc.description Қарағанды қаласының орталық базарларында сатылатын қой сүтін ветеринариялық-санитариялық сараптау / Р. Б. Тлеулесов, Ж. С. Асауова, Т. Г. Бакишев, С. А. Турсункулов. - Текст : непосредственный // Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 1-1 (74). Б. І. - Б. 151-162 ru
dc.description.abstract Мақалада көрсетілгендей қой сүтінің адам ағзасына пайдалы қасиеттері туралы ерте заманнан бері белгілі болған. Қой сүтінің құрамындағы құнды қоректік заттардың және биологиялық белсенді заттардың жоғары болуы бұл сүттің және одан алынатын өнімдердің тағамдық құндылығына оң әсер етеді. Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер сүттің биохимиялық көрсеткіштеріне аналық қойларда қозы алу күні (маусымы), демек лактацияның басталу кезеңі әсер ететінін көрсетеді. Қой көп өнімді мал, яғни бұл саланы тек бір бағытта ғана дамытпай, ет өнімділігін арттырумен қатар, елімізде қой сүті өнімділігін зерттеу жаңа бағыт ретінде қойылуы қажет. Әлемде қой шаруашылығы дамыған мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде саланы бәсекеге қабілетті ету мақсатында қойдың етті бағытында ғана әлеуетін жоғарлатпай, сонымен қатар қойлардың сүт өнімділігін арттыру бойында ғылыми-ізденіс жұмыстары жасалуда. Бүгінде әлемдік қой шаруашылығы саласынан алынатын өнімнің жалпы құнынан қой сүтінің үлесі 30-35% құрап отыр. Қой сүтінен қатты және жұмсақ ірімшіктердің (кавказдық, пекарино, рокфор, брынза және т.б.) құнды сорттары және әртүрлі сүт қышқылды өнімдер (қатық, айран, мацони, сүзбе, йогурт жән т.б.) дайындалады. Сонымен қоса қой сүтін тиімді пайдалану үшін аталған өнімдерді сиырдың майсыздандырылыған сүтімен де қосып сүт өнімдерін дайындауға болады. Осыған сәйкес жоғарыда айтылған қой сүті маңыздылығының негізінде қазақтың құйрықты ұяң жүнді саулықтарының сүт өнімділігін және сапасын зерттеу, химиялық құрамын анықтау бойынша ғылыми-ізденіс жұмысының өзектілігі өте жоғары. Әлемдік қой шаруашылығында соңғы 10-15 жыл ішінде сүт қойының үлесі өсті, өйткені Еуропа, Азия және Африка елдерінің тұрғындарының едәуір бөлігі үшін қой сүті мен одан жасалған өнімдер дәстүрлі тамақтану элементтері болып табылады. Айта кету керек, қой шаруашылығымен айналысатын әлемнің 187 елінің жартысынан көбі сүт қойларын өсіреді. Қой сүтін өндірудің жалпы әлемдік көлемінің 45% Азия, 34% Еуропа және 21,0% Африка елдеріне тиесілі. 2000 жылмен салыстырғанда қой сүтін өндіру көлемінің айтарлықтай өсуі Африка мен Азия елдерінде байқалады – тиісінше 153,8 және 133,8% . ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ru
dc.subject қой сүті ru
dc.subject сүтті зертханалық зерттеулер ru
dc.subject сүттің құрамы ru
dc.subject ұсақ қара мал ru
dc.subject қазақтың ұлттық тағамдары ru
dc.subject бқату ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.title ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЛАРЫНДА САТЫЛАТЫН ҚОЙ СҮТІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ru
dc.title.alternative VETERINARY AND SANITARY EXAMINATION OF SHEEP'S MILK SOLD IN THE CENTRAL MARKETS OF KARAGANDA ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account