Abstract:
Отандық білім-ғылым саласында жүзеге асырылатын халықаралық бағдарламалар – жаңа мүмкіндіктердің бастамасы екені сөзсіз. Солардың бірі – «500 ғалым» халықаралық бағдарламасы. Осы бағдарламаның грантын ұтып алып, Польша мемлекетінде ғылыми тағылымдамадан өткен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистр Эльмира Ақкереева қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша өз білімін жетілдіріп келді.