Abstract:
Мақалада мүйізді ірі қараның гиподерматозы кезінде «Аверсект-3» және «Ивомек» препараттары салыстырмалы түрде зерттелген. Препараттарды қолдану кезіндегі жануарлар қанының гематологиялық және биохимиялық қан көрсеткіштері анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша «Аверсект-3» препаратының жоғарғы тиімділігі анықталды, жануарларды залалсыздандырудың интенстиімділігі 99,9% құрады. Аталмыш препаратты қолдану нәтижесінде қан көрсеткіштері қалыпты физиологиялық дәрежеге жедел жетеді.