DSpace Repository

Батыс Қазақстан облысында мақсарының өсіру технологиясы элементтерін зерттеу

Show simple item record

dc.contributor.author Насиев, Б. Н.
dc.contributor.author Жанаталапов, Н. Ж.
dc.contributor.author Беккалиев, А. К.
dc.contributor.author Беккалиева, А. К.
dc.contributor.author Салықова, А. С.
dc.contributor.author Сабырғали, Ә. Т.
dc.contributor.author Хайруш, А. А.
dc.date.accessioned 2024-10-23T07:07:13Z
dc.date.available 2024-10-23T07:07:13Z
dc.date.issued 2024
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/3417
dc.description.abstract Қазіргі уақытта планетамызда мақсары 1 миллион гектардан астам жерде өсіріледі. Өсірілетін негізгі аймағына дала мен шөлейтті жерлер жатады. Ол Африкада (Абиссиния, Египет), Азияда (көбінесе Үндістан мен Иранда), Еуропада, Америкада (басым бөлігі Оңтүстік және Орта Америкада), Австралияда ойдағыдай өсіріледі. Қазақстанда мақсарының егіс алқаптары 400 мың гектарға дейін орналасқан. Мақсары егіс алқаптарының мөлшері жөнінен Үндістан бірінші орында, ал өндіріс көлемі бойынша екінші орында, бірақ егіншілік мәдениетінің төмен болуына байланысты тұқым өнімділігі (орта есеппен) тек 0,3...0,5 т/га жетеді. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған ұлттық тұжырымдамасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін ұлғайту көзделген. Осыған байланысты, жақын арада өсімдік шаруашылығы саласында әртараптандыру, бидай алқаптарының бір бөлігін неғұрлым жоғары сұранысқа ие дақылдармен (азықтық және майлы) ауыстыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл дақылдардың өнімділігінің ауа райы жағдайларына тәуелділігін төмендету үшін де маңызды болып табылады. Cоңғы жылдары фермерлер мен тауар өндірушілер құрғақшылыққа өте төзімді, экономикалық тұрғыда рентабельді дақыл – мақсарының егіс көлемін көбейтіп отыр. Атап айтқанда, соңғы 5 жылда облыс бойынша мақсарының егіс көлемі 5 мыңнан 123,2 мың гектарға өсіп отыр. Дегенменде, бұл дақыл облыстың био-климаттық ресурстарын толық мүмкіндікте пайдаланбау себебінен өнімділігі 5-6 ц/га, ал майлылығы 25-28% аралығында. Осыған байланысты ғылыми-зерттеуде мақсарыны өсіруге арналған биологиялық технологиялардың Батыс Қазақстанның қара қоңыр топырақтарының биологиялық белсенділігіне әсерін зерттеу қарастырылады. Зерттеу жұмыстары БҚО 1 құрғақ дала аймағына жататын Бәйтерек ауданы «Дәуқара» шаруа қожалығы мекемесінде жүргізілді. Мақсарыға өсіру технологиясын элементтерін зерттеу бойынша қажетті теориялық деректер алынды. Бұл нәтижелер Батыс Қазақстан облысында мақсарын дақылын өсіріп, сапалы, мол өнім алуға септігін тигізбек. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - 2-2 (75). Б. ІІ. - Б. 131-140 ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.subject қр ru
dc.subject журнал кокснво ru
dc.subject мақсары ru
dc.subject мақсары егістіктері ru
dc.subject тумат ru
dc.subject биосинергин ru
dc.subject минералды тыңайтқыштар ru
dc.subject бту биокешені ru
dc.subject БҚАТУ ru
dc.title Батыс Қазақстан облысында мақсарының өсіру технологиясы элементтерін зерттеу ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account