DSpace Repository

Субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігі

Show simple item record

dc.contributor.author Танбаева, Г. А.
dc.contributor.author Тагаев, О. О.
dc.contributor.author Барахов, Б. Б.
dc.date.accessioned 2024-10-22T05:52:31Z
dc.date.available 2024-10-22T05:52:31Z
dc.date.issued 2024
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/3402
dc.description.abstract Бұл ғылыми мақалада, сауын сиырлардың арасында кеңінен таралған субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық санитариялық шараларды жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған сандық мәліметтер келтірілді. Субклиникалық мастит - бұл желіннің қабынуымен сипатталатын және айқын көріністерсіз өтетін бактериялық ауру. Сонымен қатар, сиырлар біртіндеп сүт өнімділігін жоғалтады, ал сүттің сапасы айтарлықтай төмендейді. Сондай-ақ, оның құрамында патогендік микрофлора бар. Сиырларда субклиникалық маститтің дамуы негізінен сауу немесе суалуға жіберу техникасының дұрыс болмауы және алдын алу шараларының орындалмауымен байланысты. Субклиникалық маститтің таралуына әсер етуші факторлардың бірі – сауын сиырлардың желіні мен үрпілерінің тазалық деңгейінің категорияларына да байланысты. Тазалық деңгейін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ШҚ «Айдарбаев Е.С.», АҚ «АПК «Адал» және ЖШС «Амиран Агро» шаруашылықтарында 2 және 3-ші категориялы ластану дәрежесі анықталды. Бұл өз кезегінде субклиникалық маститтің таралу қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді. Зерттеуге алынған шаруашылықтарда маститті диагностикалау жұмыстарының нәтижесінде, сауын сиырлардың жалпы (субклиникалық және клиникалық) маститке шалдығу мөлшері: «Амиран Агро» шаруашылығында – 17,6%, «АПК «Адал» шаруашылығында– 28,2 %, «Айдарбаев Е.С.» шаруа қожалығында – 32,8 %-ды көрсетті. Субклиникалық маститтің алдын алу үшін «Промиксан» препаратымен сауын сиырлардың желіні мен үрпілерін сауыннан кейін 1 ай бойы санитариялық өңдеу жұмыстарының нәтижесінде, «Амиран Агро» шаруашылығында – 96,7 %, «АПК «Адал» шаруашылығында – 93,8 %, «Айдарбаев Е.С.» шаруа қожалығында – 91,2 % терапевтік әсерін көрсетіп, сауын сиырлардың субклиникалық маститтен айығуына көмегін тигізді. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education. - 2024. - № 3-1 (76). Б. І. - Б. 85-95 ru
dc.subject бқо ru
dc.subject ҚР ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.subject журнал кокснво ru
dc.subject субклиникалық мастит ru
dc.subject дезинфекциялық препарат ru
dc.subject сомотикалық торша ru
dc.subject БҚАТУ ru
dc.title Субклиникалық маститтің алдын алуға бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың тиімділігі ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account