Abstract:
Мақалада бұзау организміне ауру қоздырушысының алиментарлық және тыныс жолдары арқылы енуі, аналық мүйізді ірі қара малының толыққұнды азықпен азықтандырылмауы салдарынан төлдің жатырдан ауру болып туылуына әкеліп соғуы туралы мәліметтер келтірілген. Төлдің эшерихиоз ауруына шалдығуына негіз болатын факторларға: төл рационында белокты, витаминді және минералды заттардың жетіспеуімен қатар қора-жайдың ветеринарлық-санитарлық жағдайға сай болмауы жатады.