Abstract:
Мақалада лептоспирозға қарсы поливалентті вакцинаны зертханалық жануарларға
сынау нәтижелері келтірілген. Тәжірибе барысында поливалентті вакцинаның реактогендік қасиеті және аталған препаратқа егілген жануар организмінің жалпы реакциясы зерттелген. Лептоспирозға қарсы поливалентті вакцинаны сынау нәтижесінде препараттың тиімділігі, зиянсыздығы және аурудың арнайы алдын алу үшін кеңінен қолдануға болатындығы анықталды.