Abstract:
Мақалада елімізде интеллектуалды ұлт қалыптастырудың ұтымды сатысы ретінде
сабақ үдерісінде риторикалық технологияны қолдану мәселесі тарқатылады. Жоғары оқу орны студенттерінің бойында риторикалық мәдениетті қалыптастыруда оқу үдерісінде риториканың тұжырымдамалық (концептуалдық), аудиторияны модельдеу, стратегиялық, тактикалық, сөздік шығармашылық, қарым-қатынас, жүйелік-аналитикалық заңдылықтарын негізге алуға сипаттама беріледі.