Abstract:
Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы ақжайық етті-жүнді кроссбредті қойларының еркек қозыларының ет өнімділігі берілген. Әртүрлі текті будан қошқарлары ұрпақтарының ет өнімділігі мен сапасы туралы мәліметтері келтірілген. Будандастыру арқылы алынған етті – жүнді еркек қозылар өзінің ірілігімен, тез жетіліп өсуімен, ет сапасымен және жоғарғы еттілік көрсеткіштерімен ерекшелінеді.