Abstract:
Мақалада жергілікті биязы – қылшық қойларының жүн өнімділігі және оның сапасын арттыру бағытындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері берілген.Әртүрлі текті будан қошқарлары ұрпақтарының жүн өнімділігі мен қасиеттері туралы мәліметтері келтірілген. Жергілікті биязы – қылшық жүнді саулықтарды әртүрлі текті етті – жүнді қошқарлармен будандастыру нәтижесінде пайда болған ұрпақтың жүнінің өнімділігімен сапасы анағұрлым жоғары болды.