Abstract:
Мақалада патологиялық материалдан бөлініп алынған 86 сынаманы бактериологиялық зерттеу нәтижелері берілген. Тәжірибе жүзінде клиникалық сау қозылардың жоғары тыныс алу жолынан микробтар анықталды. Қалыпты микрофлора стрептококктардан, ішек таяқшаларынан, сальмонелла мен пастерелладан құралған. Сонымен қатар пастерелланың өндірістік штамдарының морфологиялық, культуралдық, антигендік, вируленттік қасиеттері зерттелді. Клиникалық ауру қозылардан бөлінген Раsteurellа multocida-ның 26 культурасының 17-сі таза күйінде алынды.