Abstract:
Батыс Қазақстан облысы жағдайында қоғамдық малды құнарлы да белокқа бай жемшөппен қамтамасыз ету үшін ноқат пен судан шөбінің аралас егістіктерін пайдалану қажет. Ноқаттың судан шөбімен аралас агрофитоценозы 1 гектар жерден 205,6 ц жасыл көкбалаусаны, 36,3 ц жем-шөп бірлігін және 5,3 ц қорытылатын протеин көлеміндегі өнімді қамтамасыз етеді. Жем-шөп бірлігінің протеинмен қамтамасыз етілу деңгейі 146 г құрайды.