Abstract:
Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан Калминовка және Коншубай
балкаларының, Березовка өзенінің су үлгілеріне талдау жүргізілді. Биогенді элементтер:аммоний иондарының, нитриттердің, нитраттардың және темірдің концентрациясы анықталды. Алынған нәтижелер шекті рауалды концентрациямен салыстырылды. Биогенді элементтердің мөлшері жалпы ШРК шамасында екені және олар зерттелген су қойнауларының гидробионттарына әсер етпейтіні көрсетілді.