Abstract:
Мақалада тіл дамыту жұмыстары арқылы студенттердің қазақша сөйлеу тілін дамытудың сан алуан әдіс-тәсілдері сөз болады. Осы мақсатта жүргізілетін жинақтау-талдау жұмыстары, оларды жүйелеу мен пайдалану, тіл дамыту жұмыстарына қойылатын талаптар туралы айтылады. Сонымен қатар мақалада тілді мамандық тіліне бағыттап оқыту барысында тіл үйренушілердің танымдық, білімдік қабілеттерін, қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыс түрлері берілген.