Abstract:
Бұл мақалада Қазақстанның батыс өңіріндегі мерзімді баспасөздің қалыптасу тарихы баяндалады. Сол кезде көпшіліктің көңілінен шыққан «Дала уалаяты», «Торғай», «Қазақ», «Уралец» газеттерінің қоғамдық санаға ықпалы туралы сөз болады. Баспасөздің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткерлер жөнінде мәліметтер келтірілген. Қазіргі қоғамдағы мерзімді баспасөздің алатын орны жан-жақты ашылады.