Abstract:
Оралдық ғалымдар жерасты сулары мен техникалық суларды жергілікті модификацияланған сорбенттерді қолдану арқылы тазарту технологиясын әзірледі. Қазіргі таңда университеттегі Индустриалды-технологиялық институтындағы Оқу-өндірістік орталығына ғалымдар жасаған зертханалық қондырғы орнатылған. Сол қондырғының көмегімен біздің ғалымдарымыздың технологиясымен дайындалған сорбенттер арқылы су сүзгіден өткізіліп, жарамдылығы қамтамасыз етіледі. Ал үшінші жылы сорбенттер арқылы суды тазартатын модульдік қондырғы құрастыру жоспарлануда. Оны жерасты сулары алынатын құдықтарға орнату көзделіп отыр. Нәтижесінде ғалымдардың технологиясын енгізу арқылы жерасты сулары пайдалануға жарамды болады деп күтілуде.