Abstract:
Картоп шаруашылығы Голландияда басқа елдермен салыстырғанда едәуір жақсы дамыған. Жыл сайын Голландия картоптың жалпы түсімінің 2/3 астамын экспорттайды. Голландиялық ғалымдар мен фермерлер-картоп өсірушілер, зор тәжірибеге ие бола отырып, картоп өсіру технологиясының дамуына зор үлесін қосты. Сол тәжірибені зерттеу біздің еліміздегі картоп шаруашылығы үшін де үлкен маңызға ие болуы мүмкін.