Abstract:
Мақалада Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым нақышы анық берілген. Әрбір үлкен суретші сияқты Абай да эстетиканы әлеуметтік өмірден бөліп алмайды. Абай – қазақтың шын мәніндегі тұңғыш халық ақыны және өмір шындығының теңдесі жоқ жыршысы. Мақалада ақын өзінің поэзиялық шығармаларында өмір көріністерін эстетикалық талғампаздықпен шебер жеткізе білгені туралы айтылған.