Abstract:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) – кез келген жоғары кәсіптік білім беру мекемесіндегі оқудан тыс жұмыстардың маңызды және ажырамас бөлігі. СҒЗЖ-ны төменгі курстардан бастап жүргізген тиімді. Алайда оны тіл пәндері бойынша филолог емес студенттермен бірінші курста ұйымдастыру, әсіресе, қиын міндет. Мақалада тілдік емес жоғары оқу орны студенттерімен тіл пәндері бойынша ҒЗЖ ұйымдастырудың мәселелері және оны шешу жолдары қарастырылады.