Abstract:
Мақалада сүт бағытындағы сиырлардың жасырын кетозды анықтауға арналған екі кетондық тест-жолақтар түрлерінің сезімталдылығы мен ерекшеліктерінің зеттеу нәтижелері көрсетілген. Тәжірибе барысында сүт және несеп қүрамында кетон денелердің көлемін көрсететін, жартылай сандық KetoPHAN және Keto-Test сынақ жолақтары 108 голштейн-фриз сиырларда, төлдеуден кейін 2-15 күн аралығында қолданылды. Сол сиырлардан қан, зәр, сүт сынамалары бір уақытта алынған болатын. Негізінен, сиырлардың субклиникалық кетозы, ферментті әдіспен қан плазмасындағы Р-гидроксибутират деңгейімен анықталды («алтын стандарт» деп аталатын тәсіл). Тексерудегі тест-сынақтардың сезімталдығы мен ерекшелігі Р-гидроксибутираттың әртүрлі деңгейлерінде бағаланды. Сиырларда жасырын кетоз балаудың шекті деңгейі Р-гидроксибутират концентрациясының 1,2 ммоль/л және одан жоғары көрсеткіш болып есептелінді. Зәр мен сүтке арналған тест-жолақтар үшін ең жақсы балау нәтижелері,Р-гидроксибутират деңгейінің 1,4 ммоль/л және одан жоғары көрстекіштің аумағында тексерілді.