Abstract:
Ірі сүт бағытындағы шаруашылықтарда сүт бездерінің аурулары ерекше орын алады, олар жануарлардың өнімділігіне айтарлықтай әсер етіп, сүттің сапасын төмендетеді.Ғылым мен тәжірибеде сүт безі ауруларының таралуы мен алдын-алу мәселесіне көп көңіл бөлінуіне қарамастан, олардың келтіретін зияны жыл сайын артып келеді. Желінсау ауруларының алдын алудың негізгі әдісі-ағзаның табиғи төзімділігі мен жануарлардың өнімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін күтіп-бағудың, азықтандырудың және сауудың зоогигиеналық талаптарын сақтай отырып, мал шаруашылығын экономикалық тиімді жүргізу болып табылады.