Abstract:
Мақалада шаруашылықтағы желінсаудың этиологиясы, таралу сипаты және оның пайда болуына әсер етуші факторлары сипатталған. Зерттеу нәтижелері бойынша желінсаумен ауырған малдардың орташа көрсеткіші 21%, жасырын желінсаумен ауырғандар көрсеткіші 61%, ал клиникалық түрімен ауырғандар көрсеткіші 39% құрады. Клиникалық желінсаулардан көбінесе сірлі, катаральді және іріңді-катаральді түрлері кездесті. Желінсауға желіні ешкі формасындағы желін жиі сезімтал екені анықталды.