Abstract:
Мақалада пілмай (Acipenser nudiventris) балықтарындағы сколиоз ауруының алдын - алу үшін профилактикалық - емдік құрама азықтарды қолданудың мүмкіндігі мен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелерінде профилактикалық – емдік препараттар қосымшаланған әр түрлі құрама азықтармен өсірілген балықтардың биологиялық – балық өсіру және қан құрамы бойынша физиологиялық көрсеткіштері алынды.