Abstract:
Мақалада Intranet – серверлерін құру жолдары, құрылымы, қолданылу аймағы, олардың артықшылықтары, интранет порталының жұмыс істеу алгоритмдері баяндалған. Қазіргі заманғы корпоративті ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар өзгерді. Яғни ақпарат мекеме қызметкерлері үшін ыңғайлы түрде, қолжетімді, қауіпсіз жерде орналасуы қажет. Бұл талаптарды қанағаттандыратын Интранет-серверлері пайда болды. Intranet – серверлері мекемедегі құжатайналым процессін жеделдетуге, ақпараттық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.