Abstract:
Бұл мақалада Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын аудандарындағы гидрологиялық және гидрохимиялық көрсеткіштер қарастырылған. Сонымен қатар зерттеу жұмысында бекіре тұқымдас балықтарының уылдырықтау аудандарының көлемі, уылдырықтауға қолайлы топырақ сапасы және 10 уылдырықтау ауданының географиялық координаталары анықталды. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде, зерттелген 10 уылдырықтау ауданының екеуінде, уылдырықтауға қолайлы топырақ субстратының сапасы жоғары екені анықталды.