Abstract:
Диспепсияға шалдыққан бұзауларды политербет фитопрепаратымен емдеу және алдын алу жолдары анықталады. Препарат фармакологиялық белсенді субстанциядан, қайыңның ішкі қабығынан алынды. Политербет қауіпсіз, кең спектрлі спецификалық белсенді, ең бастысы – антитоксикалық және диареяға қарсы қабілетті. Бауырдың метаболикалық қызметін қалпына келтіреді, метаболизм бұзылғанда, диарея және интоксикация кезінде, диспепсияның алдын алуда және емдеуде әсері жоғары.