Abstract:
Орал ауыл шаруашылығы институтының, қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың құрылғанына 60 жыл толмақ. Соған орай мен өзімінің керемет әріптестерім болған оқытушылар, ғылым кандидаттары, доценттер, жоғары оқу орны кафедраларының меңгерушілері А. Р. Пигарев пен оның жұбайы Л. Г. Пигарева туралы ой тарқатуды жөн көрдім. Бұл ұстаздар - университетте оқыған және жұмыс істеген көптеген адамның тағдырында өшпес із қалдырған тұлғалар.