Abstract:
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Еліміздің батыс аймағын жоғары білімді өндіріс мамандарымен қамтамасыз етіп, экономикалық және әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосқан университет бұл белеске үлкен нәтижемен жетті. Бөкей ордасының соңғы ханы, жаңашыл билеуші Жәңгір ханның есімін иеленген оқу ордасы – бүгінде еліміздің жетекші университеттерінің бірі.