Abstract:
Бұл мақалада тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін ыдырауға қалдырылған өсімдік және жануар тектес қоспасы, яғни қалдықтардан ыдыратылған – компост деп аталатын қоспа және оны дайындау құралдарымен жұмыс процесі туралы айтылған.Шөп, түскен жапырақтар, өсімдік қалдықтары, құстардың саңғырығы, көңнің барлығы жақсы тыңайтқыштар болып табылады. Компост жасау үшін әртүрлі органикалық қалдықтарынан(астық , өсімдік, жануарлардың , құстардың ) басқа , көптеген сапалы тыңайтқыштар дайындауға болады.