Abstract:
Мақалада Каспий теңізі мен жағалау аймағының экологиялық жүйесінің жағдайы қарастырылады. Қазіргі уақытта Каспий теңізі мен жағалау аймағының экологиялық жүйесінің жағдайы қолайсыз деп сипатталады. Таяу болашақта Каспий маңы өңірінің қазақстандық бөлігінде ғана емес, сонымен қатар теңіздің орта және солтүстік бөлігінің бүкіл акваториясында экологиялық жүктеменің күрт артуы мүмкін.. Каспий өңірінің экологиялық проблемалары өзекті және ауқымды проблема болып табылады, өйткені теріс әсерлер күн сайын артып келеді. Каспий теңізі ұзақ уақыт бойы мұнайдың ластануынан, атом электр станцияларының радиоактивті қалдықтарынан, сондай-ақ өнеркәсіптің тазартылмаған қалдықтарының үлкен көлемінен зардап шегуде. Мұның бәрі теңіздің биологиялық ресурстарының сарқылуына әкеледі. Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу үшін барлық Каспий маңы елдерінің табиғат қорғау заңнамасын біріздендіру қажет.