Abstract:
Бұл мақалада авторлар шет тілдерін деңгейлеп оқыту проблемаларын қарастырады, шет тілін неғұрлым тиімді меңгеруге ықпал ететін тілдік оқытуды жүзеге асыру шарттарын талқылайды. Аралас топтардағы оқытудың бір ерекшелігі - алынған білімді бағалаудың үлкен объективтілігі көзделінген. Қазақстан Республикасында деңгейлік оқытуға көшу шет тілдерін оқыту бойынша бүкіл оқу үдерісіне елеулі өзгерістер енгізуді талап етті: Оқытылатын тіл елінің жағдайларына еліктейтін оқытудың жаңа, неғұрлым тиімді технологияларын енгізу, жаңа құжаттама жасау, оқытушыларды даярлау,білім алушылардың нәтижелерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеу.Сонымен қатар, оқытудың әртүрлі деңгейлеріне көшу кезінде білім алушылардың білімін, дағдыларын бағалау кезінде қиындықтар туындайды, өйткені білім берудің әртүрлі деңгейлерінде алынған сандық тең көрсеткіштер тілді меңгеру тұрғысынан тең емес. Дегенмен, жоғары сапалы шынайы оқу-әдістемелік кешендердің арқасында білім алушыларды оқыту деңгейлері бойынша оқытудың оң аспектілері басым, ең алдымен коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға негізделген. Білім алушылардың жалпы деңгейлік білімге деген көзқарасына қарамастан, авторлар көптеген шешілмеген мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырылған. Автор техникалық мамандықтарыныңбілім алушылары үшін шет тілін деңгейлеп оқытуды енгізу тәжірибесін жинақтайды және шет тіліндегі білім беру сапасын арттырудың шарттарының бірі шет тілін деңгейлеп оқытуды енгізу болып табылатындығына ерекше тоқталып қорытындылайды.